Accessibility links

EIU: Қазақстан "авторитарлық ел" қатарынан шыға алмады


Economist Intelligence Unit зерттеу тобының 2016 жылға арналған демократия индексі (Көрнекі сурет).
Economist Intelligence Unit зерттеу тобының 2016 жылға арналған демократия индексі (Көрнекі сурет).

Economist Intelligence Unit (EIU) зерттеу тобы әлемдегі демократияның көрсеткіші жайындағы «Демократия индексі 2017» есебін жариялады. Зерттеу тобы Қазақстан 2017 жылы «Демократия индексінде» 167 ел арасында 141-орында тұрғанын және «авторитарлық елдер» тізімінен шыға алмағанын айтады. EIU баспасөз еркіндігі есебінде Қазақстанды баспасөзі «еркін емес» ел деп бағалады.

Индекс 141 елдегі сайлау процесі мен плюрализм, мемлекеттік органдардың қызметі, азаматтардың саяси өмірге қатысу деңгейі, саяси мәдениет және азаматтық еркіндік көрсеткіштерін зерттеп түзілген.

EIU индекстегі елдерді «анық демократия орнаған», «демократиясы әлсірей бастаған», «гибрид режимді» және «авторитарлық» елдер деп төрт топқа бөлген. Демократия толық орныққан елдер тізімінің басында Норвегия, Исландия, Швеция, Жаңа Зеландия және Дания тұр.

Постсоветтік Латвия (40), Литва (37) және Эстония (30), «демократиясы әлсірей бастаған» елдер тізімінде тұр. Бұл тізімде сонымен қатар АҚШ-та (21) бар. АҚШ былтыр «анық демократия орнаған» елдер тізімінен «демократиясы әлсірей бастаған» елдер тізіміне түскен.

Молдова (78), Грузия, (79), Украина (83), Қырғызстан (91) және Армения (111) индексте «гибридті режим орныққан» елдер тізіміне іліккен.

Ресей мен Беларусь және Орталық Азияда Қазақстаннан өзге Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан «авторитарлық елдер» тізімінде тұр.

EIU есебінше, әлем халқының 5 пайызға жуығы ғана демократия толық орнаған елдерде тұрады.

XS
SM
MD
LG