Accessibility links

ОҚО-да "экстремизм" күдігімен 12 адам ұсталды


Ұсталған күдіктілер туралы ҰҚК таратқан сурет.

Оңтүстік Қазақстан облысында "экстремистік бағыттағы материалдарды ғаламтор және әлеуметтік желілер арқылы таратты" деген күдікпен 12 адам ұсталды. 31 қаңтар күні ҰҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті жаппай ұстау туралы мәлімдеме таратты.

Департаменттің хабарлауынша, ҰҚК мен Ішкі істер департаментінің қызметкерлері ұйымдастырған арнайы операция кезінде Түркістан, Арыс, Кентау қаласы мен Шардара, Созақ және Түлкібас ауданының тұрғындары ұсталған. Олар "ғаламтор және әлеуметтік желілерде экстеремистік бағыттағы материалдарды тарату арқылы діни алауыздықты қоздырды" деген күдікке ілінген.

Арнайы қызмет пен полиция ұсталғандардың Қылмыс кодексінің 174-бабы («Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру») бойынша тергеліп жатқанын айтады. Ұсталғандардың аты-жөндері жарияланбады.

Пікірлерді көріңіз (1)

Бұл форум жабық. Бірақ пікірталасты Азаттықтың Facebook-парақшасында жалғастыра аласыз: https://www.facebook.com/azattyq
XS
SM
MD
LG