Accessibility links

Францияда Charlie Hebdo-ға шабуыл ісі бойынша 4 адам ұсталды


Париждегі Charlie Hebdo журналының редакциясы.
Париждегі Charlie Hebdo журналының редакциясы.

Францияда сатиралық Charlie Hebdo журналының редакциясы мен Париж түбіндегі еврейлерген арналған азық-түлік сататын дүкенге жасалған шабуыл ісі бойынша төрт адам ұсталды. Француз ақпарат құралдарының 31 қаңтарда хабарлауынша, ұсталған ер адамдардың жасы 30-36 аралығында. Ұсталғандар шабуыл жасағандарға «қару жеткізіп берген» деген күдікке ілінген.

2015 жылы 7 қаңтарда қарулы екі адам Парижде Charlie Hebdo журналының редакциясына басып кіріп, жаппай оқ атып, 12 адам қаза тапқан. Шабуылға күдікті ағайынды Шериф және Саид Куаши шабуылды журналдың Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын жариялағаны үшін жасағандарын мәлімдеген. Шабуылдаушылар арнайы операция кезінде оққа ұшқан.

Олардың серігі Амеди Кулибали сол жылы 9 қаңтарда Париждің оңтүстік шетінде полицейді атып өлтіріп, еврейлерге арналған азық-түлік дүкенінде бірнеше адамды кепілге алып, тағы төрт адамды өлтірген. Полиция Кулибалидің де көзін қойған.

XS
SM
MD
LG