Accessibility links

Литва Ресейдің Калининград облысымен шекарасында тікенек сым тартты деп хабарлады BBC-дің Орыс қызметі. Тікенек сым ұзындығы 45 километрге, биіктігі екі метрге жетеді. Вильнюс сым тартуға 1,3 миллион еуро жұмсаған.

Литва шекарашылары BBC-ге берген сұхбатында сым заңсыз иммиграциямен және темекі контрабандасымен күресу үшін тартылғанын айтты. Дегенмен, тікенек сым Ресей тарапынан әскери қауіп төнетіндей бола қалса, одан қорғай алмайды.

Тікенек сым табиғи бөгеттер жоқ жерде тұрғызылған. Сонымен қатар шекарада бақылау камералары орнатылған.

BBC-дің мәліметінше, 2017 жылы шекарашылар Литва мен Ресей шекарасын 18 рет заңсыз кесіп өту фактісін анықтаған. Сегіз мың қорап контрабандалық темекі тәркіленген. Литва билігі 2020 жылға дейін Беларусьпен шекарада бөгет тұрғызуды жоспарлап отыр.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG