Accessibility links

Қырғызстанда көмір шахтасы опырылып, бір адам опат болды


Қырғызстанда заңсыз шахтада жүрген тұрғындар (Көрнекі сурет).
Қырғызстанда заңсыз шахтада жүрген тұрғындар (Көрнекі сурет).

Қырғызстанның Жалал-Абад облысы Аксый ауданы Кара-Тыт ауылында көмір шахтасында тау жынысы опырылып, 26 жастағы ер адам қаза тапты. Азаттықтың Қырғыз редакциясының хабарлауынша, қайғылы оқиға 31 қаңтар күні кешкі бестер шамасында болған.

Қырғызстан төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, опат болған адам - Жолборсту ауылының тұрғыны. Ол "көмірді заңсыз қазып алмақ болған". Марқұмның денесін үйінді астынан 12 құтқарушы аршып алған.

Ресми мәлімет бойынша, Қырғызстанда өндірісте жыл сайын орта есеппен 50-ден астам адам мерт болады.

XS
SM
MD
LG