Accessibility links

СҚО-да газ бағасы қымбаттады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

1 ақпаннан бастап Солтүстік Қазақстан облысында газдың бағасы 6,6 пайызға қымбаттады. Бұл жайында Азаттыққа облыстық табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқығын қорғау департаменті хабарлады.

Энергетика министрлігінің 2017 жылдың 5 желтоқсанындағы бұйрығына сәйкес, бір тонна газдың шектік бағасы қосымша құн салығын есептемегенде 38 701 теңгеге көтерілген. Бұл – бұрынғы бағадан 10 пайызға қымбат. Осыған орай облыс тұрғындарын газбен қамтамасыз етіп отырған «Горгаз-Сервис» компаниясы газ бағасын көтеруді сұраған.

- «Горгаз-сервис» компаниясы ақпанның бірінен бастап ғаздың бағасын көтеруді ұсынды. Департамент бұл ұсынысты қарап, газ бағасын 6,6 пайызға көтеру туралы шешім қабылдады , - деді СҚО бойынша табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Жандос Ермағамбетов.

Статистика дерегінше, былтыр желтоқсанда облыстағы күнкөрістің ең төменгі орташа деңгейі жан басына шаққанда 21114 теңгені құраған.

Газ бағасы өскен күннен бастап, оның бір текше метрі бұрынғы 489 теңге 89 тиынның орнына 522 теңге 6 тиынды құрайды. Петропавл қаласының 55 мың тұрғыны «Горгаз-сервис» компаниясының қызметін пайдаланады.

XS
SM
MD
LG