Accessibility links

Қазақстанда халық санағы 2019 жылдың соңында жүргізіледі


Санақ жүргізушілер халық санағына шығуға дайындалып отыр Астана, ақпан 2009 жыл (Көрнекі сурет).
Санақ жүргізушілер халық санағына шығуға дайындалып отыр Астана, ақпан 2009 жыл (Көрнекі сурет).

Қазақстанда алдағы халық санағы жоспар бойынша 2019 жылдың қарашасында жүргізіледі деп хабарлады ұлттық экономика вице-министрі Руслан Дәленов.

Вице-министр мәжілісте «Мемлекеттік статистика мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды. Жиыннан соң журналистер сұрағына жауап берген Дәленов халық санағының мерзімі мен оның қалай жүргізілетінін айтты.

Дәленовтің сөзінше, ендігі халық санағында негізінен электрондық құралдар пайдаланылмақ. «Интернет-портал құрамыз, ол порталда халықтың белгілі бір бөлігі өз еркі бойынша мәліметтерін ұсынады. Сонымен қатар сауалнама алатындар да жұмыс істейді. Олар санақ кезінде жинаған ақпаратын бірден планшетке енгізеді. Ол бірден мәліметтер базасына түсіп, өңделеді. Ол жұмысты жылдамдатып, қателікті жояды. Енгізілген мәлімет түскен бойы тексеріледі» деді Руслан Дәленов.

Қазақстанда соңғы рет халық санағы 2009 жылы жүргізілген.

XS
SM
MD
LG