Accessibility links

ЕАЭО елдері премьерлері Алматыда саммит өткізеді


Андрей Кобяков, Беларусь премьер-министрі.
Андрей Кобяков, Беларусь премьер-министрі.

Беларусь премьер-министрі Андрей Кобяков 1-2 ақпанда Қазақстанға сапарлайды. Беларусь министрлер кеңесінің хабарлауынша, Кобяков жұмыс сапарында Алматыда 2 ақпанда өтетін Еуразия үкіметаралық кеңесінің кезекті жиынына қатысады.

Еуразия экономикалық комиссиясының хабарлауынша, жиынға Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) елдерінің үкімет басшылары қатысады. Оған Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев төрағалық жасайды.

Жиында трансшекаралық нарықтағы бәсекелестік ережелері және агроөнеркәсіп кешені бойынша ынтымақтастыққа қатысты мәселелер талқыланады. Комиссия ақпаратына қарағанда, жиында тауарларды таңбалау туралы келісімге қол қойылады деп жоспарланған. Сонымен қатар, үкімет басшылары «өнеркәсіп саласындағы мемлекетаралық жобаларды дайындау, қаржыландыру және жүзеге асыру ережесін» бекітпек.

Ресей бастаған ЕАЭО-ға Армения, Беларусь, Қазақстан және Қырғызстан қосылған.

XS
SM
MD
LG