Accessibility links

Астанада наразылық шарасына шыққан зейнеткер ұсталды


Раиса Дүйсембаева Ақорда алдында тұр.
Раиса Дүйсембаева Ақорда алдында тұр.

1 ақпанда Астанада наразылық шарасын ұйымдастырған зейнеткер Раиса Дүйсембаева ұсталды. Ол қарсылық акциясын Ақорда, Үкімет үйі мен Парламент ғимаратының жанында өткізген.

Зейнеткермен бірге оны телефонның камерасына түсіріп тұрған ұлы Талғат Райбаев та ұсталды.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода Раиса Дүйсембаева "Қазақстан билігінен Арон Атабек, Макс Боқаев, Талғат Аян бастаған саяси тұтқындарды түрмеден босатуды талап етеді".

Зейнеткер видеода "Қазақстанда әділдік қағаз жүзінде емес іс жүзінде болғанын қалайтынын" айтады. Наразылыққа шыққан зейнеткер мен ұлын Үкімет үйінің жанынан полиция ұстап алып кеткен.

Зейнеткердің айтуынша, оларды Астанадағы №13 полиция бөлімшесіне апарып, үш сағат ұстап, кейін қоя берген. Азаттық тілшісі полиция бөлімшесінен комментарий ала алмады.

Раиса Дүйсембаева 2017 жылы тамызда да Ақорда алдында наразылық шарасын ұйымдастырған. Ол кезде де оны полиция ұстап әкетіп, кейін қайта босатқан.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG