Accessibility links

Оралда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 2 адам көз жұмды


Батыс Қазақстан облысының картадағы орны (Көрнекі сурет)
Батыс Қазақстан облысының картадағы орны (Көрнекі сурет)

Оралда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, екі адам қаза тапты. Жол апаты 1 ақпан күні 16:30 шамасында болды. «Мой город» порталының хабарлауынша, 74-маршрутта жүретін автобус Трекин кентінен Оралға бара жатқанда қарсы бағытқа шығып кеткен MAN жүк көлігімен соқтығысты.

Екі адам оқиға орнында көз жұмып, жеті адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті. Зардап шеккендер арасында бірнеше бала бар.

Былтыр тамызда Оралда екі автобус соқтығысып, 60-тан астам адам зардап шеккен. Ал желтоқсанның басында жолаушылар автобусы үйді соғып, төрт адам жараланған.

XS
SM
MD
LG