Accessibility links

Бішкекте пәтер тонады деген күдікпен екі қазақстандық ұсталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Бішкек милициясы «пәтер тонады» деген күдікпен үш адам, оның ішінде Қазақстанның екі азаматын ұстады.

Қырғызстан ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, бұған дейін Бішкек тұрғыны 22 қаңтарда белгісіз адамдар пәтерін тонап кеткені туралы арыз түсірген. Ұсталғандар пәтерден ақша, зергерлік бұйымдар мен бағалы заттарды ұрлап кеткен деген күдікке ілінген.

Ұсталғандардың екеуі – 43 және 24 жастағы Қазақстан азаматтары. Бішкек қалалық ішкі істер басқармасының хабарлауынша, күдіктілер қамауға алынған.

Ұсталғандардың көлігін тінту кезінде травматикалық тапанша, кез-келген құлпыны ашатын кілттер және басқа да заттар табылған. Күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

XS
SM
MD
LG