Accessibility links

Литвада "Ресейге тыңшылық жасаған" үш адам ұсталды


Вильнюс қаласы (Көрнекі сурет).
Вильнюс қаласы (Көрнекі сурет).

Литвада Ресей пайдасына тыңшылық жасады деген күдікпен жергілікті үш азамат ұсталды. BNS ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ұсталғандар Ресей арнайы қызметіне Литва қарулы күштері туралы ақпаратты сатты деген күдікке ілінген. Литва барлау қызметі өкілдерінің айтуынша, берілген мәліметтер құпия болмаған. Күдіктілер айыпты деп танылса, 15 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Литвада соңғы жылдары «Ресей пайдасына тыңшылық жасау» әрекеттері жиілеген. 2016 жылы наурызда Литва азаматы Ресей арнайы қызметіне ақпарат берді деген айыппен 12 жылға сотталған. 2015 жылы бірнеше адам, оның ішінде бір ресейлік тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталған.

XS
SM
MD
LG