Accessibility links

Ресейде экс-губернатор Никита Белых сотталды


Киров облысының бұрынғы губернаторы Никита Белых (ортада) сотта тұр. Мәскеу, 1 ақпан 2018 жыл.
Киров облысының бұрынғы губернаторы Никита Белых (ортада) сотта тұр. Мәскеу, 1 ақпан 2018 жыл.

Мәскеу соты Киров облысының бұрынғы губернаторы Никита Белыхты аса ірі көлемде пара алды деп айыптап, сегіз жылға соттады. Бұл бап бойынша ең қатаң жаза 15 жылға бас бостандығынан айыру және пара көлемінен 70 есе көп айыппұл салу қарастырылған.

Белыхтың адвокаты сот үкіміне шағымданатынын мәлімдеді. Адвокаттар айыптау актісінің бір эпизодымен келіспейді және экс-губернаторды толық ақтауды талап етеді.

«Дождь» телеарнасының хабарлауынша, үкім бірнеше сағат оқылған.

Прокуратура бұған дейін Белыхты 10 жылға бас бостандығынан айырып, 100 миллион рубль айыппұл салуын соттан сұраған.

Никита Белых 2016 жылы маусымда 600 мың еуро пара алды деген айыппен ұсталған. Тергеушілер экс-губернатор облыстағы инвестициялық жобалар тізіміне әлдебір кәсіпорындарды қосуға уәде берген дейді.

Бұрынғы губернатор істі арнайы қызмет қолдан жасаған деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG