Accessibility links

Бішкек пен Душанбе шекара бойынша келіссөзін жалғастырмақ


Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон. Душанбе, 1 ақпан 2018 жыл.
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон. Душанбе, 1 ақпан 2018 жыл.

Душанбеде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті. Жээнбеков Тәжікстанға 1 ақпан күні ресми сапармен барды.

Сооронбай Жээнбековтің Тәжікстанға сапары аясында сегіз құжат қабылданды. Бұл құжаттар екі ел арасында сауда-экономикалық әріптестікті кеңейтіп, достық қарым-қатынастарды жақсартуды көздейді. Тараптар екі ел арасындағы анықталмаған шекара бөліктерін делимитациялау және демаркациялау жөніндегі үкіметаралық комиссия жұмысын жалғастыратын болып келісті.

Эмомали Рахмон мен Сооронбай Жээнбеков аймақтағы энергетика бойынша ірі КАСА-1000 жобасын ары қарай дамытудың маңызды екенін айтты. Бұл жоба Орталық Азия мен Оңтүстік Азияның энергетикалық нарығын біріктіруді көздейді.

"Қырғызстан мен Тәжікстанды берік достық байланыстырады. Біз көп мәселе бойынша пікір алмасып, жаңа мақсаттарды айқындадық, халықаралық өзекті мәселелерді қозғадық", - деді Жээнбеков.

Сооронбай Жээнбеков екі күндік сапарында Тәжікстан премьер-министрі Кохир Расулзодамен және тәжік парламенті төменгі палатасының спикері Шукуржон Зухуровпен кездеседі.

XS
SM
MD
LG