Accessibility links

Алматыда ЕАЭО елдерінің премьерлері кездеседі


Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевпен кездесіп тұр. Алматы, 2 ақпан 2018 жыл.
Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевпен кездесіп тұр. Алматы, 2 ақпан 2018 жыл.

Алматыда 2 ақпанда Еуразия үкіметаралық кеңесінің (ЕҮК) жиыны өтеді деп хабарлады Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі.

Ресми мәлімет бойынша, жиынға Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) мүше Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресей премьерлері мен Еуразия экономикалық комиссиясы алқасының төрағасы Тигран Саркисян қатысады.

«Шағын форматта»өтетін жиында ЕАЭО елдерінің ішкі нарықта жұмыс істеу кезіндегі міндеттері талқыланбақ. Кеңейтілген жиында үкімет басшылары ЕАЭО елдері арасындағы өзара сауда-саттықты, агроөнеркәсіп кешені мен өнеркәсіп саласының дамуын және зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелерін талқыламақ.

Бүгін бұдан бұрын инновация мен кәсіпкерлік саласындағы технологияны дамыту және өнеркәсіпті цифрландыру тақырыбында форум өтті.

Еуразия экономикалық комиссиясы бұған дейін жиында тауарларды таңбалау туралы келісімге қол қойылып, «өнеркәсіп саласындағы мемлекетаралық жобаларды дайындау, қаржыландыру және жүзеге асыру ережесі» бекітілетінін хабарлаған.

XS
SM
MD
LG