Accessibility links

Алматыдан 148 шақырымда жер сілкінді


Алатау. (Көрнекі сурет.)
Алатау. (Көрнекі сурет.)

Бүгін таңертең жергілікті уақыт бойынша сағат 9:44 кезінде Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 148 километр қашықтықта 4,2 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді деп хабарлады Қазақстан білім және ғылым министрлігі сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік орталығы.

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, 10 километр тереңдіктегі жер қабатында болған деп хабарланды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 8.9.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

Жұма күні Астана уақыты бойынша 15:44-те Алматы маңында 3,7 магнитудалы жер сілкінісі тірлкеген. Оның дүмпуі Алматыда сезілген.

XS
SM
MD
LG