Accessibility links

БАҚ: АҚШ Ресейге бола ядролық күшін еселеуі мүмкін


АҚШ және Ресей тулары. (Көрнекі сурет.)

АҚШ Ресей тарапынан болуы ықтимал "алғашқы соққыдан" қауіптенгендіктен ядролық әлеуетін арттыруы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Бұл туралы АҚШ-тың жаңа ядролық доктринасында айтылған.

Құжатта АҚШ-тың негізгі қарсыласы ретінде Ресей мен Қытай аталған. Әйткенмен, құжат авторларының сөзінше, Вашингтон Мәскеу мен Пекинның қарсылас болғанын қаламайды және олармен тұрақты екіжақты қарым-қатынас орнатуға мүдделі.

Reuters жаңа ядролық доктринадан: "Біздің стратегиямыз ядролық қаруды кез-келген, тіпті шектеулі түрде қолдануға болмайтынын Ресейдің түсінуіне мүмкіндік береді" деген үзінді келтірген.

Құжатта АҚШ-тың ядролық қару-жарақты дәйекті түрді қысқартумен айналысып жатқан кезде, Ресей мен Қытайдың бұған қарама-қарсы іс-әрекетке барғаны айтылған.

Бұның алдындағы АҚШ ядролық доктринасы 2010 жылы, Ақ үйде Барак Обама билікте болған 2010 жылы жарияланған.

2016 жылғы желтоқсанның ортасында АҚШ президенті Дональд Трамп ұлттық қауіпсіздіктің жаңа стратегиясын таныстырған. Онда Ресей мен Қытай қорғанысқа бөлетін қаржыны көбейтіп, азаматтық қоғамды қуғын-сүргінге салатын "репрессивтік державалар" ретінде аталған.

AzattyqTV

Күре жол мал базарға айналатын күн
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:37 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG