Accessibility links

Испания ресейлік хакерді АҚШ-қа экстрадициялады


Петр Левашов (оң жақта) Испания сотында жауап беріп отыр. Мадрид, 26 шілде 2017 жыл.
Петр Левашов (оң жақта) Испания сотында жауап беріп отыр. Мадрид, 26 шілде 2017 жыл.

Испания билігі ресейлік программист Петр Левашовты АҚШ-қа экстрадициялады. Бұл туралы Reuters хабарлады.

АҚШ тергеу орындары оған киберқылмыс жасаған деген күдікпен сегіз тармақ бойынша айып таққан.

Коннектикут сотында Левашовтың ісі бойынша өткен алғашқы тыңдауда ресейлік программист өзіне тағылған айыптарды мойындамайтынын мәлімдеген. Бұл туралы "РИА Новости" ақпарат агенттігіне адвокат Игорь Литвак хабарлаған.

Петр Левашов былтыр сәуірде Барселонада ұсталған. Оған ғаламдық желі арқылы компьютерлерге вирус орнатып, оларды басқарған, спам және зиянкес бағдарламалар жіберген, қолданушылардың жеке деректерін ұрлаған деген айыптар тағылған. Егер АҚШ соты оны аталған қылмыстырға айыпты деп тапса, жиыны 50 жылдан аса мерзімге түрме жазасын тағайындау туралы үкім шығаруы мүмкін.

Былтыр тамызда Ресей құқық органдары Санкт-Петербург қаласындағы медициналық мекеменің сайтына бұзып кіріп, ондағы ақпаратты бұғаттаған деген күдікпен Петр Левашовты тұтқындау туралы сырттай шешім шығарған.

XS
SM
MD
LG