Жерорта теңізінің Ливия жағалауына жақын тұсында заңсыз мигранттар мінген қайық аударылып, 80-нен аса адам суға кеткен. Бұл туралы Халықаралық көші-қон ұйымы хабарлады. Теңізде қаза болған он адамды жағадан тауып алған, қайықта болған үш жолаушы аман қалған.
Олардың айтуынша, қайықта отырғандардың көбі Пәкістан азаматтары болған. Олар Италияға теңіз арқылы баруды ұйғарған. Теңіздегі апаттан аман қалған үшеудің екеуі судан өздері жүзіп шыққан, екеуін балықшылар құтқарып алған.
Апат құрбандарының нақты саны анықталып жатыр.
Халықаралық көші-қон ұйымының мәліметінше, өткен жылы Жерорта теңізінде үш мыңнан астам адам қаза тапқан. Теңіз арқылы Италияға 118 мың мигрант жеткен.