Accessibility links

Назарбаев "Халықтың сүйіктісі" сыйлығы иегері атанды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Бүгін Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа "Халықтың сүйіктісі" сыйлығының "Мудрая сила" ("Кемеңгер күш") номинациясы берілді. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады.

Назарбаевқа сыйлық берілгені туралы ұйғарымды Еуразия телевидение және радио академиясының президенті, продюсер Валерий Рузин жариялаған.

"Еуразияшылдықтың саяси философиясын құрған бұл адамның қосқан үлесі ерекше. Әрине, Еуразия телевидение және радио академиясы президиумының бірлескен шешімімен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа беріледі", - деген ол.

"Халықтың сүйіктісі" сыйлығы осымен жетінші рет иегерлеріне беріліп отыр. "Мудрая сила" атты жаңа номинация биыл алғаш рет енгізілді.

Қазақстан президенті бұған дейін де түрлі сыйлықтардың иегері атанған. Мысалы, солардың арасында "Муз ТВ" телеарнасының сыйлығы да бар.

Кей бақылаушылар Қазақстанда Назарбаевтың жеке басына табынушылық көріністері байқалып отырғанын айтады. Оның есімі түрлі инфрақұрылым нысандарына, білім мекемелері мен көшелерге берілген. Бұған дейін билікке жақын түрлі ұйымдар мен жеке тұлғалар тарапынан Назарбаевты Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынуға бірнеше мәрте талпыныстар жасалған.

XS
SM
MD
LG