Accessibility links

Алматыдан 586 шақырымда жер сілкінді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Бүгін таңертең Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 586 километр қашықтықта 4,2 магнитудалы жер сілкінісі тіркелген.

Алматы уақыты бойынша сағат 9:21 кезінде тіркелген жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, жер қабатының 5 километр тереңдігінде болған деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістеме-тәжірибелік орталығы.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,5.

Жерасты дүмпуінің Қазақстан аумағында сезілгені туралы мәлімет жоқ.

XS
SM
MD
LG