Accessibility links

Қазақстан жеңіл атлеттері Азия чемпионатында топ жарды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Иранда сенбі күні аяқталған жабық кешендегі Азия чемпионаты қорытындысы бойынша қазақстандық жеңіл атлеттер командалық есепті бірінші орын иеленді. Бұл туралы ақпаратты Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Федерация сайтында жарияланған мәлімет бойынша, қазақстандық атлеттер 7 алтын, 4 күміс және 1 қола жүлде иеленген.

Тегеранда өткен чемпионатта алтын медальді Татьяна Нерознак (3000 метрге жүгіру), Ирина Эктова (үш қарғып секіру), Светлана Голендова (400 метрге жарыс), Әйгерім Шыназбекова (60 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Анастасия Ермакова (сырықпен секіру), Никита Филиппов (сырықпен секіру) және 4х400 метрлік эстафеталық жарыста - Светлана Голендова, Аделина Ахметова, Виктория Зябкина мен Элина Михина жеңіп алған.

Күміс жүлдеге Виктория Зябкина (60 метрге жарыс), Элина Михина (400 метрге жүгіру), Татьяна Нерознак (1500 метрге жарыс), 4х400 метрге эстафеталық жарыс бойынша Андрей Соколов, Сергей Зайков, Дмитрий Коблов және Михаил Литвин ие болған.

Сырықпен секіруден сынға түскен Надежда Дубовицкая қола жүлдегер атанды.

XS
SM
MD
LG