Accessibility links

Пәкістанда террорлық шабуылдан 11 адам қаза тапты


Жол бойында күзетте тұрған пәкістандық сарбаздар. (Көрнекі сурет.)
Жол бойында күзетте тұрған пәкістандық сарбаздар. (Көрнекі сурет.)

Пәкістанда Сват алабында орналасқан әскери база аумағында жасалған террорлық шабуылдан кемінде 13 пәкістандық әскери қаза тауып, 13 адам жараланған. Пәкістан армиясы жариялаған мәлімдемеде ақпанның 3-і күні әскерилер волейбол ойнап жатқан спорт алаңында жанкешті өзін жарып жібергені айтылған. Ол жерде әскери қызметкерлермен бірге жай азаматтар да болған. Қаза тапқандардың арасында офицер бар деп хабарланды.

Бұл шабуылға жауапкершілікті алған «Техрик-е-Талибан» тобы оны «кек қайтару» деп атаған.

Пәкістан премьер-министрі Шахид Хакан Аббаси бұл - «қорқақтың шабуылы» деп мәлімдеп, Пәкістандағы терроризмнің «соңғы көріністерін» түп-тамырымен жоюға шақырған.

XS
SM
MD
LG