Accessibility links

Ресей Сириядағы Су-25 ұшағын атып құлатқан базаға соққы берді


Сирияның Идлиб провинциясында әуеден атып түсірілген ресейлік әскери ұшақтың сынықтары. 3 ақпан 2018 жыл.
Сирияның Идлиб провинциясында әуеден атып түсірілген ресейлік әскери ұшақтың сынықтары. 3 ақпан 2018 жыл.

Ресей қорғаныс министрлігі Сирияда ресейлік әскери ұшақты әуеден атып түсірген базаға "мүлт жібермейтін қарудан соққы" беріп, "Жабхан ән-Нусра" террорлық ұйымының 30 мүшесінің көзін жойғаны туралы мәлімдеген. ТАСС агенттігінің хабарлауынша, қорғаныс министрлігі соққыдан қаза тапқандар санын "радиохабар негізінде" анықтаған.

Арабтың "Әл-Масдар" ақпараттық порталына сілтеме жасаған ресейлік "Интерфакс" агенттігі Сириядағы базаға "Калибр" қанатты зымырандарымен соққы берілген деп хабарлады.

Ресейлік "Звезда" телеарнасы Қорғаныс министрлігінің Сирия аумағында жасалған соққы туралы видеосын жариялаған.

Сирияның Идлиб провинциясында үкімет әскеріне қарсы соғысып жатқан топ сенбі күні Ресей әскери-ғарыш күштерінің Су-25 шабуылдаушы ұшағын әуеден атып түсірген. Ресейлік әскери ұшқыш парашютпен секіріп, жерге аман-есен түскенімен, атыс барысында қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG