Accessibility links

АҚШ-та "Ресей бойынша маман" Картер Пейдждің хаты жарияланды


Картер Пейдж.
Картер Пейдж.

Америкалық Time журналы 2016 жылы АҚШ президенттігіне кандидат Дональд Трамптың кеңесшісі болған Картер Пейдждің хатын жариялады. АҚШ арнайы прокуроры Роберт Мюллер жүргізіп жатқан тергеуге байланысты соңғы күндері Пейдждің есімі БАҚ хабарларында жиі аталып жүр.

2013 жылғы 25 тамызда жазған хатында Пейдж өзінің кітабын шығаратын баспагерге Ресейдегі оқиғалардан өте жақсы хабардар екенін айтқан. «Сәті түсіп соңғы жарты жылда мен күн тәртібінде энергетика мәселелеріне ауқымды орын бөлінген Санкт-Петербургтегі G-20 саммиті үшін өз президентіне анықтама дайындаған кремльдік талдаушылар командасының бейресми кеңесшісі болдым», - жазған ол.

Картер Пейдж — осы аптада АҚШ Конгресіндегі республикашыл партия өкілдері жариялаған даулы меморандумда аталған негізгі тұғалардың бірі.

Меморандум авторлары "Федералдық тергеу бюросы (FBI) Пейджді аңдуға судьядан рұқсат сұрағанда оған Хиллари Клинтонның сайлауалды штабына жұмыс істеген бұрынғы ағылшын барлаушысы тапқан мәліметтер негіз болғанын ашып айтпаған" дейді.

Ағылшын Кристофер Стилдің сөзінше, Пейдж 2016 жылы шілдеде Мәскеуге барған сапарында ресейлік ірі шенеунікпен және Ресей президенті Владимир Путиннің жақын төңірегіндегі тағы бір адаммен кездесіп, олармен Клинтонның сайлау кампаниясына залал болатындай етіп Трамптың сайлау науқанына қалай жәрдемдесу жайлы әңгімелескен. Пейдж ондай әңгімелердің болғанын жоққа шығарады және Стил өз дерек көздерінің аты-жөнін атамаған.

Конгрестегі демократтар, сол тәрізді Федералдық тергеу бюросы мен бас прокуратураның жоғары лауазымды тұлғалары республикашылар жариялаған меморандум "оқиғаны бұрмалап суреттейді, өйткені Пейджді аңду туралы санкция алуға берілген өтінішке Стильдің ғана емес, басқа да көтпеген түрлі дәлел-айғақтар негіз болған" дейді.

XS
SM
MD
LG