Accessibility links

Ресей орталығында мыңдаған адам жарықсыз қалды


Мәскеудегі қалңы қар. 4 ақпан 2018 жыл.
Мәскеудегі қалңы қар. 4 ақпан 2018 жыл.

Ресейдің Орталық федералдық округінде қалың қар түсіп, 57 мыңнан астам адам электр қуатынсыз қалды. Бұл жайында 4 ақпан күні Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің аймақтық орталығына сілтеген ТАСС агенттігі хабарлады. Қазір мамандар төтенше жағдай салдарын жою үшін үздіксіз жұмыс істеп жатыр.

Мәскеуде қалың қардан мыңдаған ағаш сынып, бір адам қаза тапты. «Спутник» ақпарат агенттігі 3 ақпан күні басталған қардан Мәскеу облысында электр қуатын тарату желілері зақымданып, бес мыңнан астам адам электр жарығынсыз қалғанын хабарлады.

Мәскеу мэрі Сергей Собянин Twitter-де өткен сенбіде электр желісіне ағаш құлап, бір адам қаза тапқанын хабарлады. Оның жазуынша, тағы бес адам қалың қардан зардап шекті. Мәскеу мэрінің айтуына қарағанда, қалада қар мен жаңбырдан екі мыңнан астам ағаш құлады

XS
SM
MD
LG