Accessibility links

АҚШ-та пойыз апатынан екі адам қаза тапты


US A derailed Amtrak car
US A derailed Amtrak car

АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатында Amtrak жолаушылар пойызы жүк пойызымен соқтығысып, екі адам қаза тапты. 70 адам жараланды. АҚШ-та соңғы бірнеше айда осымен үшінші теміржол апаты болып отыр. 139 жолаушысы бар Amtrak пойызы 4 ақпан күні Нью-Йорктен Майамиге бара жатқанда Колумбия маңында соқтығысып, рельстен шығып кетті.

Жолаушылар пойызының локомотиві жанына аударылып, алғашқы вагоны зақымданып, жүк пойызының кем дегенде төрт вагоны қирады.

Жергілікті БАҚ соқтығыс салдарынан жанармай төгілгенін хабарлады. Ақ үй баспасөз қызметі пойыз апаты туралы АҚШ президенті Дональд Трампқа хабарланғанын айтады.

Желтоқсанда Вашингтон штатында жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, үш адам қаза тапқан. Қаңтардың соңында АҚШ Конгресі мүшелерін тасымалдап келе жатқан пойыз Вирджиния штаты маңында қоқыс тасымалдайтын көлікпен соқтығысқан.

XS
SM
MD
LG