Accessibility links

ХОК сот ақтаған ресейлік 15 атлетті Пхенчханға шақырудан бас тартты


Александр Легков, Сочи олимпиадасындағы допинг сынамасына қатысты ақталған ресейлік спортшы.

Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) Пхенчханда өтетін қысқы олимпиадаға бұған дейін Спорттағы арбитраж соты (CAS) ақтаған 28 ресейліктің 15-ін шақырудан бас тартты. Комитет сайтындағы ақпарат бойынша, олардың он үші – спортшылар, екеуі – жаттықтырушы Альберт Демченко мен Сергей Чудинов.

IOC тексеру жүргізілгеннен кейін спортшылар тыйым салынған препараттарды қолданған деген күдік пайда болғанын мәлімдеді. Комитет Сочи олимпиадасындағы допиг сынамаларын тексерген Денис Освальдтың комиссиясы өздеріне қажетті материалдар берілмегендіктен ресейліктердің кінәсін жеткілікті дәлелдей алмағанын айтады.

4 ақпан күні IOC басшысы Томас Бах Спорттағы арбитраж сотының 28 ресейлікті ақтап, оларды олимпиадаға жіберу туралы шығарған шешімін «күтпеген шешім» деп атап, қынжылған. Ол сонымен қатар сот айыппұл салу шараларын қолданбаған спортшылар олимпиадаға қатысу құқығына ие болады деген сөз емесін де айтқан.

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) бұған дейін CAS шешіміне шағымданатынын хабарлаған.

Олимпиада күнтізбесі:

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Шығыс Гутада құрбандар саны көбейді
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:16 0:00
XS
SM
MD
LG