Accessibility links

БАҚ: «Қазсушар мекемесі» Алматы филиалының басшысы өзіне қол салған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Талдықорғанда «Қазсушар» республикалық мекемесі Алматы филиалының директоры болған Сейілхан Мұхамедиев көп қабатты үйдің терезесінен секіріп өлді деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

«Время» газетінің 3 ақпан күні күш құрылымдарындағы дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, 65 жастағы күдікті Мұхамедиев «тергеу кезінде немесе одан кейін» өзіне қол салған. Басылым Facebook-тегі парақшасына бұған қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлтық бюросы ішкі қауіпсіздік басқармасының анықтамасы көшірмесін тіркеді. Анықтамада Мұхамедиевті 2 ақпан күні ұлттық бюроның облыстық департаменті жедел басқармасының қызметкерлері «қаржы жымқыруға қатысы бар» деген күдікпен ұстағаны жазылған. Құжат бойынша, ол департаментте келесі күннің таңына дейін болып, кейінірек төртінші қабаттағы департамент ғимаратының кабинетіне жеткізілген.

Анықтамада 3 ақпан күні таңғы тоғыз шамасында Мұхамедиев «терезені ашып, департамент ғимаратының төртінші қабатынан секіргені» айтылады. Оқиға орнына барған дәрігерлер оның көз жұмғанын анықтаған.

Азаттық тілшісі 5 ақпан күні Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахиннен бұл оқиға бойынша комментарий беруін сұрады. Бірақ ол Талдықорғандағы оқиға бойынша тергеу басталғаны туралы ақпарат беруден бас тартты және оқиғаның нақты қай күні болғанын айта алмады. Жахиннің сөзінше, агенттік бүгін кешке дейін Талдықорғандағы оқиға бойынша комментарий береді.

XS
SM
MD
LG