Accessibility links

Париждегі қастандыққа күдікті соты басталды


Брюссельдегі күдікті Салах Абдесламның сотынан көріністі бейнелейтін сурет. 5 ақпан 2018 жыл.
Брюссельдегі күдікті Салах Абдесламның сотынан көріністі бейнелейтін сурет. 5 ақпан 2018 жыл.

Дүйсенбіде 2015 жылғы Париждегі қастандыққа қатысы бар деген күдікті Франция түрмесінен Бельгияға жеткізіліп, Брюссельде соты басталды. Күдікті Салах Абдесламды Франция мен Бельгия полициясы Париждегі "Батаклан" концерттік залына, ұлттық стадионға, барға және мейрамханалардың біріне жасалған шабуылдан төрт ай өткенде бір-ақ тапқан.

2015 жыл қарашаның 13-гі 130 адам опат болған Париждегі терактіні де, 2016 жылдың наурызындағы 32 адам қаза болған Брюссельдегі қастандықты да ДАИШ содырлары мойнына алған.

Осыған дейін 28 жастағы Салах Абдеслам Париж түбіндегі тергеу абақтысында отырған.

Сот отырысы өтіп жатқан Брюссельдегі Әділет сарайының маңайында қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

XS
SM
MD
LG