Accessibility links

Прокурор Аида Салянованы 8 жылға соттауды сұрады


Қырғызстан депутаты Аида Салянова сотта отыр. Бішкек, 10 қазан 2017 жыл.
Қырғызстан депутаты Аида Салянова сотта отыр. Бішкек, 10 қазан 2017 жыл.

Бішкек қалалық сотында депутат Аида Салянова қорғаушыларының алғашқы сот үкіміне түсірген апелляциялық шағымын қарау жалғасты. 5 ақпандағы сот процесінде тараптардың жарыссөзі болды. Айыптаушы прокурор сот алқасынан аудандық соттың үкімін жойып, Салянованы сегіз жылға соттау және мүлкін тәркілеу жазасын кесуді сұрады. Прокурор бұған қоса Салянованың жазасын өтеуін кейінге қалдырмауды да ұсынды.

Бұған дейін Аида Салянованың адвокаттары Чинара Жакупбекова аудандық сот үкім шығарған кезде заң бұзғанын мәлімдеп, соттан оны ақтауды сұраған. Бішкектің Ленин аудандық соты 2017 жылы 10 қазанда Салянованы әділет министрі болып тұрғанында қызметін теріс мақсатта пайдаланды деп айыптап, бес жылға соттау және мүлкін тәркілеу жазасын кескен еді. Сот шешімімен Салянова жазасын кәмелет жасындағы баласы 14-ке толғаннан кейін өтейтін болған.

2016 жылы желтоқсанда Қырғызстан Бас прокуратурасы Салянованың үстінен «қызметін теріс мақсатта пайдалану» бабымен қылмыстық іс қозғаған. Ол 2009 жылы әділет министрі болып тұрған кезінде Максим Бакиевтің серігі Алексей Елисеевтің адвокаттың лицензиясын заңсыз ұзартқан деп айыпталған. Аида Салянова өзіне қарсы қылмыстық істің саяси астары бар деп біледі және кінәсін мойындамайды.

XS
SM
MD
LG