Accessibility links

Әбдірахманов: Сирия келіссөзі 20 ақпанда өтуі мүмкін


Қайрат Әбдірахманов, Қазақстан сыртқы істер министрі.
Қайрат Әбдірахманов, Қазақстан сыртқы істер министрі.

«Астанада Сирия дағдарысын реттеу бойынша келіссөздің кезекті раундын 20 ақпанда өткізу жоспарланып отыр» деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.

Үкімет жиынының арасында журналистер сұрағына жауап берген Әбдірахманов келіссөзге қатысушы кепіл елдер бұған дейін уағдаласқандай, 20 ақпанға белгіленген келіссөзге дайындалып жатқанын айтты. «Әңгіме ақпанның 20-сы туралы болып отыр. Бірақ бұл ақпаратты кепіл елдер түпкілікті растауы керек» деді Әбдірахманов.

Сирия келіссөзінің бұған дейінгі раунды Астанада 21-22 желтоқсанда өткен. Ол келіссөзде кепіл елдер Ресей, Түркия және Иран «тұтқындарды босату, құрбан болғандардың мәйіттерін беру және із-түзсіз жоғаландарды іздеу» жөніндегі жұмысшы тобын құру тәртібін» бекіткен.

XS
SM
MD
LG