Accessibility links

ҰҚК: Атырау облысында «ақша бопсалаған діни ағым» өкілдері ұсталды


ҰҚК-нің арнайы операциясы кезінде ұсталған адамдар. Оңтүстік Қазақстан облысы, 31 қаңтар 2018 жыл (Көрнекі сурет).
ҰҚК-нің арнайы операциясы кезінде ұсталған адамдар. Оңтүстік Қазақстан облысы, 31 қаңтар 2018 жыл (Көрнекі сурет).

«Атырау облысында халықаралық және қаларалық жолаушылар автобустарынан бірнеше жыл ақша бопсалаумен айналысқан топ ұсталды» деп хабарлады 6 ақпан күні Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметі.

ҰҚК мәліметіне қарағанда, Атырау облысы бойынша ҰҚК департаменті 31 қаңтар күні Атырау-Астрахань, Атырау-Орал және Атырау-Бейнеу бағыттары бойынша жолаушылар тасымалдаумен айналысатын тұлғалардан екі жыл бойы «ақша бопсалаған» топты әшкерелеген. «Ұсталғандар деструктивті бағыттағы дәстүрлі емес «салафизм» діни ағымын ұстанады. Топтың белсенді алты мүшесі қамауға алынды. Олар ай сайын әр жүргізушіден 5 мыңнан 25 мың теңгеге дейін ақша жинап отырған» делінген арнайы қызмет хабарламасында.

Комитет аталған бағыттар бойынша 200-ге тарта автобус жолаушы тасымалдағанын айтады.

Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 194-бабының 2-бөлімі 2 және 3-тармақтары бойынша («Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен бiрнеше рет қорқытып алу») іс қозғалған.

XS
SM
MD
LG