Accessibility links

Париждегі қастандыққа күдікті сотқа қатысудан бас тартты


Брюссельдегі күдікті Салах Абдесламның сотынан көріністі бейнелейтін сурет. 5 ақпан 2018 жыл.
Брюссельдегі күдікті Салах Абдесламның сотынан көріністі бейнелейтін сурет. 5 ақпан 2018 жыл.

2015 жылы 13 қарашада Парижде болған терактіден кейін тірі қалған жалғыз күдікті Салах Абдеслам Брюссельде өтетін өзіне қатысты сотқа қатысудан бас тартты.

Сот тыңдауы 5 ақпанда басталып, Абдеслам ол сотқа қатысқан. Ол «сот мұсылмандарға қырын қарайды» деп мәлімдеп, судья сұрақтарына жауап беруден бас тартты.

Соттың келесі отырысы 8 ақпанда өтеді. Сотталушы ол сотқа қатысудан бас тартты. Сот өкілі Абдесламның сотқа қатыспауға құқығы барын айтты.

Бельгия билігі Салах Абдесламды 2016 жылы 15 наурызда өзін ұстау кезінде полиция қызметкерлерінің өміріне қауіп төндірді деп айыптайды. Прокурор Абдесламды 20 жылға соттауды сұраған.

Бұған қоса Бельгия Абдесламды 2016 жылы 22 наурызда Завентем әуежайындағы терактіні дайындауға қатысқан деп айыптады. Бірақ судья қосымша айыптаулардың бұл процесте қаралмайтынын айтты.

Салах Абдеслам – 2015 жылы 13 қарашада бірнеше теракт жасаған «жихадшы» топтан аман қалған жалғыз күдікті. Төрт ай бойы ол Бельгияда тығылып жүрген Абдеслам 2016 жылы 15 наурызда Брюссель түбіндегі Моленбек қаласында ұсталып, Францияға экстрадицияланды.

2015 жыл қарашаның 13-і күні 130 адам опат болған Париждегі «Батаклан» концерт залына, ұлттық стадионға, барға және мейрамханалардың біріне жасалған терактілерді де, 2016 жылдың наурызында Брюссельдегі 32 адам қаза болған қастандықты да «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымының содырлары мойнына алған.

Осыған дейін 28 жастағы Салах Абдеслам Париж түбіндегі тергеу абақтысында отырған.

XS
SM
MD
LG