Accessibility links

Вашингтон Пхеньянға қарсы жаңа санкция дайындап жатыр


Майк Пенс, АҚШ вице-президенті. Токио, 7 ақпан 2018 жыл.
Майк Пенс, АҚШ вице-президенті. Токио, 7 ақпан 2018 жыл.

Вашингтон Пхеньянды зымыран және ядролық бағдарламаларынан бас тартқызу үшін Солтүстік Кореяға қарсы жаңа қатаң экономикалық санкция дайындап жатыр. Бұл жөнінде 7 ақпан күні АҚШ вице-президенті Майк Пенс Жапония премьер-министрі Синдзо Абэмен келіссөз өткізгеннен кейін мәлімдеді.

Майк Пенс АҚШ пен Жапония «Солтүстік Кореяның үгіт-насихаты Оңтүстік Кореяда өтетін олимпиада ойындарының образына еніп кетуіне жол бермейтінін» айтты.

«Біз адамдарды құлдыққа салып, аймаққа қауіп төндіріп тұрған Солтүстік Кореяның олимпиада ойындарының артына жасырынуына мүмкіндік бермейміз» деді Пхенчхандағы олимпиаданың ашылу салтанатына АҚШ делегациясын бастап баратын Майк Пенс.

АҚШ билігінің өкілдері бұған дейін Пхеньянға қарсы жаңа санкция олимпиада ойындары аяқталатын 25 ақпанға дейін салынуы мүмкін екенін айтқан.

Майк Пенс 8 ақпанда Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Инмен кездеседі.

XS
SM
MD
LG