Accessibility links

Ресей президенттігіне кандидаттарды тіркеу аяқталады


Ресейдегі президент сайлауы туралы жазылған билборд жанынан өтіп бара жатқан адам. Ставрополь, 5 ақпан 2018 жыл.

Ресей Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) 8 ақпан күні президент сайлауына кандидаттарды тіркеуді аяқтайды. Бұдан соң сайлау бюллетендеріне арналған тізім жасалады. Бюллетендегі кандидаттар реті алфавит бойынша жазылады.

Президенттікке бірінші кандидат болып ЛДПР жетекшісі Владимир Жириновский, одан соң Ресей коммунистік партиясынан Павел Грудинин тіркелді. Олар парламенттегі партия өкілдері ретінде жақтастарының қолын жинаудан босатылған. 6 ақпанда ОСК іс басындағы президент Владимир Путинді кандидат етіп тіркеді.

7 ақпанда «Ресей бүкілхалықтық одағынан» Сергей Бабурин мен кәсіпкерлер құқығын қорғайтын уәкіл Борис Титовқа және «Яблоко» партиясынан Григорий Явлинскийге кандидат куәлігін табыстады.

ОСК «Ресей коммунистері» партиясының өкілі Максим Сурайкин мен тележүргізуші, «Азаматтық бастама» партиясынан ұсынылған Ксения Собчакқа қатысты шешімін кейінірек жариялайды.

Ресейде президент сайлауы 2018 жылдың 18 наурызында өтеді. Сайлауға оппозициялық саясаткер Алексей Навальный да түспек болып еді, бірақ ОСК оны «бұрын сотталған» деп тіркемей қойды. Саясаткер осыдан кейін сайлаушыларды ереуілге шығуға шақырып, алғашқы акция 28 қаңтарда өткізілді. Акцияға Ресейдің ондаған қаласынан мыңдаған адам қатысты.

AzattyqTV

Алматының "Буревестнигі" СССР чемпионы болған кез
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:58 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG