Бішкек соты оппозициялық «Ата Мекен» партиясының Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевқа қарсы арызын қанағаттандырудан бас тартты. «Ата Мекен» партиясының заңгері Таалайгүл Токтакунова Азаттыққа сот отырысы 7 ақпанда өткенін айтты.
2017 жылы көктемде «Ата Мекен» партиясының заңгері сол кезде президент болып тұрған Алмазбек Атамбаевтың 6 наурыз күні сөйлегенінде «іріген партия», «өзінің ағасы – тонаушыны қолдады» деген сөздеріне түсінік беруді талап етіп, сотқа жүгінген. Партия өкілдері президент бұл сөздерді өздеріне қарата айтты деп біледі.
Экс-президенттің соттағы өкілі Айжан Кадырова бұған дейін Азаттыққа Атамбаев сөзінде «Ата Мекен» партиясының атын аузына да алмағанын айтқан.