Accessibility links

Астанада «балалар уланған» асхананы тексеріп жатыр


Балабақша (Көрнекі сурет).
Балабақша (Көрнекі сурет).

«Астанада балабақшаға баратын жеті бала мен екі ересек адам астан уланып жұқпалы аурулар ауруханасына түсті» деп хабарлады 8 ақпан күні Астана қалалық білім басқармасының жетекшісі Әнуар Жанғозин. Оның айтуынша, тағы бірнеше бала емделіп жатыр.

7 ақпан күні жергілікті БАҚ Астанада балабақшаға баратын кем дегенде 10 бала мен тәрбиешінің бірдей ауырып қалғанын хабарлаған. Ата-аналардың айтуынша, бір топта жүрген балалар құсып, іші өтіп, температурасы көтерілген. Ата-аналар дәрігерлердің балаларға ішек инфекциясы және баспа деген диагноз қойғанын айтады.

«№36 «Балапан» балабақшасында 7 ақпан күні ата-аналар балалары астан уланған деген күдікпен шағымданды. Қазірге дейін жұқпалы аурулар ауруханасына тоғыз адам – жеті бала мен тәрбиелеуші және бала күтуші жатқызылды. Қалған балалар үйлерінде емделіп жатыр» деді Жанғозин.

Басқарма басшысы улану себептерін анықтау үшін комиссиясы құрылғанын, балабақшаның асханасы тексерілгенін және енді сараптама жасалатынын хабарлады.

XS
SM
MD
LG