Accessibility links

Солтүстік Корея олимпиадаға бір күн қалғанда әскери парад өткізеді


Пхеньяндағы әскери парад. 15 сәуір 2017 жыл.
Пхеньяндағы әскери парад. 15 сәуір 2017 жыл.

Солтүстік Корея Пхенчхандағы олимпиада ойындарының ашылуына бір күн қалғанда әскери парад өткізеді деп хабарлады BBC. Әдетте Солтүстік Корея армиясының құрылған күніне орай жыл сайын 8 сәуірде өткізілетін парад биыл 8 ақпанға ауыстырылған.

BBC-дің мәліметінше, Солтүстік Корея билігі сонымен қатар АҚШ пен басқа да елдердің олимпиада қарсаңында мұндай әскери шара өткізуге болмайтыны туралы ескертпесін елемей отыр.

Пхеньян бұған дейін Солтүстік Корея делегациясы Пхенчханда америкалық әріптестерімен кездесуге ынталы емесін мәлімдеген.

7 ақпан күні АҚШ вице-президенті Майк Пенс Солтүстік Кореяға қарсы жаңа экономикалық санкция дайындалып жатқанын хабарлаған. Ол Вашингтон Пхеньянды ядролық және зымыран бағдарамаларынан бас тартуға мәжбүрлей беретінін айтқан.

XS
SM
MD
LG