Accessibility links

Министр Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару заңын түсіндірді


Марат Бекетаев, Қазақстан әділет министрі.
Марат Бекетаев, Қазақстан әділет министрі.

Қазақстан әділет министрі Марат Бекетаев Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқаруына жол ашатын заң жобасына қатысты комментарий берді. Министрдің айтуынша, «Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің қызметі мәселелері» туралы заң жобасы «елде тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін» дайындалған.

«Бізде конституциялық реформа жүргізілді. Ол реформа аясында Елбасы (Нұрсұлтан Назарбаевты айтады – ред.) Қауіпсіздік кеңесін басқара береді деп бекітілген. Терроризм, экстремизм қаупі өте өзекті болып тұрған қазіргідей уақытта халық, ел үшін тұрақтылық факторы өте маңызды» деді Марат Бекетаев. Оның сөзінше, президент Назарбаевтың «мәртебесі ерекше» және оны «халық қолдайды».

Парламент мәжілісіне түскен заң жобасы президентке қауіпсіздік кеңесін басқару өкілетін өмір бойына беруден бөлек, қауіпсіздік кеңесі мәртебесін консультативті-кеңесші органнан конституциялық орган деп ауыстыруды да көздейді. Мысалы, қауіпсіздік кеңесі жаңа констиуциялық орган ретінде елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілеттілігін ғана қамтамасыз етіп қоймай, "ішкі саяси тұрақтылықты сақтап, халықаралық аренада елдің конституциялық құрылымы мен ұлттық мүдделерін қорғайтын" орган деп тануды ұсынады.

Оқи отырыңыз: Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару заңы

Қазір Қауіпсіздік кеңесі - ел тағдырына байланысты маңызды мәселелер шешілетін консультативті-кеңесші орган. Ол 1991 жылы Қазақ ССР президенті болып тұрған Назарбаевтың жарлығымен құрылған. 1993 жылы Қазақстан республикасының Қауіпсіздік кеңесі болып қайта құрылған. Қауіпсіздік кеңесі жұмысын реттейтін жеке заң жоқ, бұл орган президенттің 1999 жылғы 20 наурыздағы жарлығымен бекітілген ережелер негізінде жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG