Accessibility links

Алматыда республикалық құсбегілер турнирі басталды


"Қыран-2018" байқауына қатысып жатқан құсбегілер. Алматы, 8 ақпан 2018 жыл.
"Қыран-2018" байқауына қатысып жатқан құсбегілер. Алматы, 8 ақпан 2018 жыл.

Алматыда 8 ақпанда құсбегілердің республикалық турнирі басталды. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, қаладағы ипподромда басталған «Қыран-2018» турнирі 10 ақпанға дейін өтеді.

Турнирге Қазақстаның он аймағынан 60-қа тарта құсбегі келген. Бүгін турнир барысында құсбегілер бүркіттерін шырға салды (түлкі, қоян сияқты аңдарды аяғын тұсап атпен сүйреп жүріп, оған құс салып жаттықтыру).

9 ақпан – турнирдің екінші күні сұңқар, қаршыға, ителгі және лашындардың аң алу машығы сыналады. 10 ақпан күні сайыста тең түскен бүркіттер қасқырға салынбақ.

Ұйымдастырушылар турнирде құстардың күтімі, машығы мен ептілігі бағаланатынын айтады. Турнир ұлттық спорт түрлерін, оның ішінде құсбегілік өнерді қайта жандандыру мақсатында өткізіліп отыр.

Халықаралық табиғатты қорғау одағы жыртқыш құстардың кейбір түрлерінің құрып бара жатқан жануарлар тізіміне енгізілу себептерінің бірі оларды сату үшін бей-берекет аулауда деп біледі.

XS
SM
MD
LG