Accessibility links

ТЖК: Сырдария өзені тасуынан елді мекендерге қауіп жоқ


Сырдария өзенінде жиналып қалған мұз (Көрнекі сурет).
Сырдария өзенінде жиналып қалған мұз (Көрнекі сурет).

Қазақстан Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті (ТЖК) Сырдария өзенінде су деңгейі көтеріліп, арнасынан асып кеткенінің салдарын жою жұмыстары жасалып жатқанын хабарлады. Комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов өзен суы «мұз жиналып қалғандықтан» тасығанын айтады. Иманқұловтың сөзінше, өзен тасығанда «жеке үйлер мен басқа да құрылыстарды су баспаған».

Комитет ақпараты бойынша, «негізгі жерлерді су басу тоқтатылған». Жақын маңдағы елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Су тасу салдарын жоюға және өзен жағалауы мен бөгетті мықтау жұмыстарына 80-ге тарта адам жұмылдырылған.

6 ақпан күні Қызылорда облысының Сырдария ауданында төтенше жағдай жарияланған. Арнасынан тасыған өзен Қалжан Ахун ауылына жақын бөгетті шайып кетіп, 2 мың гектардан астам егістік жерді су басқан.

XS
SM
MD
LG