Accessibility links

Юлия Галышева олимпиада финалына шықты


Юлия Галышева олимпиада ойындарында. Пхенчхан. 9 ақпан 2018 жыл.
Юлия Галышева олимпиада ойындарында. Пхенчхан. 9 ақпан 2018 жыл.

Пхенчханда 9 ақпанда фристайл, мәнерлеп сырғанауден жарыстар басталды. Фристайлдың могул түрінен жарысқа қатысып жатқан қазақстандық Юлия Галышева әйелдер арасындағы сынның финалына шықты. Галышева іріктеу жарысында 7-нәтиже көрсетті.

Іріктеуден кейін Галышева "күн жылы болғанымен жарыс жолы дұрыс көрінбеді. Сондықтан ұйымдастырушылар жарық қосты. Күн біресе шығып, біресе кіріп кедергі келтірді. Дегенмен финалға шығып, бүгінге алға қойылған мақсат орындалды. Ертең (10 ақпан) финал алдындағы жаттығуымызды өткіземіз" деді.

Юлия Галышеваның жетістіктері.
Юлия Галышеваның жетістіктері.

9 ақпанда Алматы уақыты бойынша таңғы 9-да ерлер арасындағы іріктеу жарысына қазақстандық Дмитрий Рейхерд шығады. ​

Пхенчхандағы қысқы олимпиадасының ашылуы 9 ақпанда өтеді. Ойындар 25 ақпанда жабылады. Қазақстаннан 46 спортшы қатысып жатыр.

Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті "Пхенчханда Сочидегі нәтижені қайталап, шама келсе жақсартуды көздейді". Қазақстан Сочиде бір қола алған.

XS
SM
MD
LG