Accessibility links

Латвия парламенті латыш тілінде оқытуды мақұлдады


Латвия мектебіндегі математика пәні сабағы (Көрнекі сурет).

Латвия Сеймі (парламент) мемлекеттік білім беру саласын реформалау туралы заң жобасын алдын ала оқылымда мақұлдады. Реформа елде латыш тілінде білім беруге біртіндеп көшуді қарастырады. Енді құжатты білім беру жөніндегі комиссия мақұлдауы керек, бұдан соң ол сеймге түпкілікті бекітуге түседі.

Заң жобасы бойынша, 1-6 сынып оқушылары екі тіл – орыс және латыш тілінде оқиды. 7-9 сыныптарда пәндердің кем дегенде 80 пайызы мемлекеттік тілде оқытылады. Ал 10-12 сынып оқушылары тек латыш тілінде оқиды.

Латвия тұрғындарының шамамен 40 пайызы орыстілді. Заң жобасын талқылау кезінде парламент алдында орыс тілінде білім беруді сақтауды талап еткен ация болды. Наразылық танытушылардың пікірінше, ұсынылып оырған заң жобасында «тұрғындар пікірі жеткілікті ескерілмеген».

Латвияның білім және ғылым министрі Карлис Шадурскис парламенттегі жиында министрлік азшылықты құрайтын ұлттардың білім алуы мен дамуын қамтамасыз ету және оны қаржыландыру жөніндегі халықаралық міндеттемені орындайтынына уәде берді.

2017 жылы тамызда 9 және 12 сыныпты бітірген оқушылар емтиханды тек латыш тілінде тапсыратыны белгілі болған.Латвия білім және ғылым министрлігі ол кезде мектеп бітірушілер емтиханды латыш тілінде тапсырса кәсіби оқу орындарында білім алуы тиімді болатынын және еңбек нарығында тез бейімделіп кететінін мәлімдеген.

Латвияда мемлекеттік тіл - латыш тілі. Латвия білім және ғылым министрлігінің дерегі бойынш, 2009-2016 жылдар аралығында өз тілінде емтихан тапсырғысы келетіндер көрсеткіші 40-тан 15 пайызға дейін азайған.

Жоспар бойынша, латыш тілінде оқыту жүйесіне толық көшу 2021 жылы қыркүйекке дейін аяқталады.

AzattyqTV

Көшпенділер ойынына асық шабандоз қыз
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:51 0:00
XS
SM
MD
LG