Accessibility links

CAS Ресей спортшыларының шағымын қанағаттандырмады


Көрнекі сурет.

Спорттық арбитраж соты (CAS) 47 ресейлік спортшының шағымын қанағатандырмады деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Халықаралық олимпиада комитеті қаңтардың соңында "допинг ережесін сақтамады" деген айыппен Пхенчхан олимпиадасына қатысуы тиіс 47 ресейлікті ойындардан шеттеткен.

Оқи отырыңыз: Ресей туы бар суретке “лайк” басуға болмайды

ХОК шешімінен кейін Ресей спортшыларының барлығы Cпорттық арбитраж сотына шағымданған. Олардың қатарында Сочи ойындарында медаль алған Антон Шипулин (биатлон), Сергей Устюгов (шаңғы), Виктор Ан (шорт-трек), Павел Клужников (коньки) бар. Сот 7 ақпанда Пхенчханда өткен. Сот отырысына шағымданушы спортшылар қатысқан жоқ. Ал шешім 9 ақпанда шықты.

Осылайша, Пхенчхандағы қысқы олимпиадаға тек 169 ресейлік спортшы қатысады.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген. Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи, Рио, Пхенчхан олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG