Accessibility links

Астанада үкіметтің кеңейтілген жиыны басталды


Президент Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеп отыр. Астана. 9 ақпан, 2018 жыл. Баспасөз орталығының мониторынан түсірілген сурет.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеп отыр. Астана. 9 ақпан, 2018 жыл. Баспасөз орталығының мониторынан түсірілген сурет.

Астанада Қазақстан үкіметінің кеңейтілген отырысы басталды деп хабарлады үкіметтен Азаттық тілшісі. Жиынды Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ашып, жиынның жоспарымен таныстырды.

Назарбаев Қазақстан «қиын әрі түбегейлі өзгерістер уақытында үкіметтің дер кезінде қабылдаған шешімдерінің арқасында ғана қайғылы сценарилерден айналып өткенін» айтты.

Жиында Назарбаев премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың есебін тыңдады. Премьер тұрғын үй құрылысы, ауыл шаруашылығының жай-күйі туралы мәліметтер келтірді. Назарбаев премьердің есебіне қатысты «Баяндаманы жақсы жасадың, бірақ өзіңді сынамағансың» деді.

Жиында министрлер мен ведомство басшылары кезегімен баяндама жасап жатыр.

XS
SM
MD
LG