Accessibility links

БАҚ: «Талдықорғанда департаментте тағы да кісі өлді»


Алматы облысының картадағы орны (Көрнекі сурет).
Алматы облысының картадағы орны (Көрнекі сурет).

Талдықорғанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы облыстық департаментінде тағы бір адам өзіне қол салғаны хабарланды. Жергілікті БАҚ-тың Facebook-тегі «Сердитый талдыкорганец» парақшасындағы жазбаға сілтеп хабарлауынша, 8 ақпан күні департаменттің 25 жастағы есепшісі Динара Бекасыл «департаментте асылып қалға»н.

8 ақпан күні кешке «Сердитый талдыкорганец» парақшасында жарияланған жазбада қалалық ішкі істер басқармасы «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша тергеу бастағаны айтылады. Азаттық бұл ақпаратқа қатысты Алматы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мен облыстық прокуратурадан комментарий ала алмады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы баспасөз қызметінің бас кеңесшісі Ольга Шиян Азаттыққа телефонда комментарий беруден бас тартып, «мәліметті растап, я жоққа шығару үшін» ресми сауал жолдауды сұрады. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі Азаттыққа қазір бұл оқиғаға қатысты ешнәрсе білмейтінін және әзірге оны растап, я жоққа шығара алмайтынын айтты.

3 ақпан күні Талдықорғандағы ұлттық бюро департаментінде «Қазсушар» республикалық мекемесі Алматы филиалының басшысы, тергеудегі Сейілхан Мұхамадиев қайтыс болған. 6 ақпан күні ұлттық бюро пара алды делінген күдікті Сейілхан Мұхамадиевтің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаменті ғимаратының төртінші қабатында жұмыс кабинетінің терезесінен секіріп, көз жұмғанын хабарлаған. Бұған дейін оған қатысты «жедел тергеу шаралары», атап айтқанда «марқұмда дене жарақаты бар-жоғын анықтайтын» сот-медициналық сараптамасы жүргізілген. Мұхамадиевтің өлімі «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабымен тергеліп жатыр

XS
SM
MD
LG