Accessibility links

АҚШ Конгресінде демократтар әскери парадқа тыйым салуды ұсынды


АҚШ президенті Дональд Трамп пен Франция президенті Эммануэль Макрон әйелдерімен бірге әскери парадты тамашалап тұр. Париж, 14 шілде 2017 жыл.
АҚШ президенті Дональд Трамп пен Франция президенті Эммануэль Макрон әйелдерімен бірге әскери парадты тамашалап тұр. Париж, 14 шілде 2017 жыл.

АҚШ Конгресінің өкілдер палатасында демократтар президент Дональд Трамп ұсынған әскери парад ұйымдастырып, өткізу шараларын қаржыландыруға тыйым салатын заң жобасын енгізді.

«Салық төлеушілер авторитарлық режимдерге тән күш көрсететін өрескел шараны қаржыландырмауы тиіс» деп мәлімдеді Техас штатынан сайланған конгресмен Марк Визи. «Барлық америкалықтар әскеріміздің жанқиярлық қызметіне тәнті, бірақ Трамптың рейтингін көтеру үшін ғана қымбатқа түсетін саяси ойын жасау қарулы күштерімізді қорлап, ресурс құрту болар еді» деді Визи. Оның пікірінше, бұл ресурстарды әскери қызметте жүргендер мен ардагерлерге жұмсаған әлдеқайда пайдалы.

Бұған дейін президент Дональд Трамп Пентагонға «Францияда өтетін парадқа ұқсас» әскери парад өткізу мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырғаны туралы хабарланып, оны Ақ үй растаған. Дональд Трамп былтыр шілдеде Франция президенті Эммануэль Макронның шақыруымен Парижде Бастилияны алу күніне орай өткізілген әскери парадқа қатысқан. Парадқа бронды техника, авиация мен атты әскер гвардиясы тартылған.

Демократтардың көпшілігі әскери парад АҚШ-қа тән емесін айтады. АҚШ тарихында әскери парадтар кейбір ерекше жағдайларда ғана өткізілген. Әскери парад өткізу негізінен авторитарлық режимдерге тән.

«Америка қарулы күштерінің міндеті - тирандар мен автократтар сияқты айналамызды үрейлендіру емес, идеалдарымызды қорғау» дедіТеннеси штатынан сайланған демократ Стив Коэн.

XS
SM
MD
LG