Accessibility links

Дерипаска Навальный қорын жаңа зерттеуіне қатысты сотқа бермек


Олег Дерипаска, ресейлік миллиардер.
Олег Дерипаска, ресейлік миллиардер.

Ресейлік миллиардер Олег Дерипаска оппозиционер Алексей Навальныйдың Сыбайлас жемқорлықпен күрес қорын жүргізген зерттеуіне байланысты сотқа бермек. Олигархтың ресми өкілі Навальный қоры зерттеуінің «шындыққа еш қатысы жоғын айтып», БАҚ-ты оппозиционер таратқан мәліметтерді таратпауын ескертті. Оның пікірінше, қор зерттеуі «миллиардердің беделіне нұқсан келтіруді көздейтін тапсырыстардың бірі». Бұған қоса Дерипаска өкілі Навальныйдың зерттеуін оппозиционердің өзінің беделін түсіретін «жалған сенсация» деп атаған.

Алексей Навальный 8 ақпан күні жаңа зерттеуін таныстырып, Ресей премьер-министрінің орынбасары Сергей Приходьконы жемқорлыққа қатысты қылмыс жасады деп айыптаған. Навальныйдың Сыбайлас жемқорлықпен күрес қорының мәліметінше, Приходько 2016 жылы тамыз айында Дерипасканың яхтасында үш күн болған. Приходько мен Дерипаска яхтада Норвегия жағалауында «эскорт агенттігінің қыздарымен» бірге қыдырған.

Навальный зерттеуінде ол қыздардың бірі – «Настя Рыбканың» кітабына және Instagram-ға сілтеме жасайды. Навальный Дерипасканың «өз яхтасында өте жоғары шенді шенеунікпен қыдырғанын» «пара» деп біледі.

Оппозиционердің ұйғарымынша, Приходько Мәскеудегі және Мәскеу түбіндегі жалпы құны бір миллиард рубль болатын жылжымайтын мүлігін «пара беріп алған».

Навальный Дерипаска Ресейдің АҚШ-тағы 2016 жылғы президент сайлауына килігуінде Кремль делдалдарының бірі болған деп тұспалдайды. Олигарх Дерипаска мен Приходько яхтада қыдырғанда осы мәселені талқылаған болуы мүмкін.

Сергей Приходько «сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар» деген зерттеуге әзірге жауап бермеді.

XS
SM
MD
LG