Accessibility links

Оңтүстік Корея президенті Ким Чен Ынның қарындасымен кездесті

Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин мен Солтүстік Корея басшысының қарындасы Ким Е Чжон. Қысқы олипиаданың ашылу салтанатында. Пхенчхан, 9 ақпан 2018 жыл.
Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин мен Солтүстік Корея басшысының қарындасы Ким Е Чжон. Қысқы олипиаданың ашылу салтанатында. Пхенчхан, 9 ақпан 2018 жыл.

Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин ақпанның 10-ы күні Сеулде қысқы олипиадаға келген Солтүстік Корея делегациясымен кездесті. Делегация құрамында Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның қарындасы Ким Е Чжон да бар.

Кездесу президент резиденциясында өткен. Оңтүстік Корея тарихында Солтүстік Корея басшысының туысымен кездесу бұған дейін болмаған. Пхеньян делегациясы арасында Солтүстік Корея парламенті саналатын Жоғарғы халық жиыны президиумының төрағасы 90 жастағы Ким Ен Нам да бар.

Ким Чен Ынның қарындасы Оңтүстік Корея президентіне ағасының сәлемін жеткізді. Сәлемде президент Мун Чжэ Инді Солтүстік Кореяға қонаққа келуге шақырған.

Қысқы олимпиаданың ашылу салтанатында Ким Чен Ынның қарындасы АҚШ вице-президенті Майк Пенспен қатар отырды. Бірақ олар бір-бірімен сөйлесіп, араласпағаны байқалған. АҚШ Солтүстік Кореядан ядролық бағдарламадан бас тартуды талап етіп келеді.

Пхеньян Пхенчханда өтетін қысқы олимпиадаға 22 спортшы жіберді. Қос Корея спортшылары бір ту астында жарысқа кірісті.

Көре отырыңыз: Олимпиаданың ашылу салтанаты

Олимпиаданың ашылу салтанаты

Ашылу салтанаты басталған сәттегі отшашу. Салтанатты шара 35 мың адам сияқтын Пхенчхан олимпиадалық стадионында өтті. Стадионның төбесі жабылмаған. 
1/22 Ашылу салтанаты басталған сәттегі отшашу. Салтанатты шара 35 мың адам сияқтын Пхенчхан олимпиадалық стадионында өтті. Стадионның төбесі жабылмаған. 
Ашылу салтанатының басында стадионға айдаһар және...
2/22 Ашылу салтанатының басында стадионға айдаһар және...
ақ жолбарыс шықты. Айдаһар мен жолбарыс корей халқының символы саналады. 
3/22 ақ жолбарыс шықты. Айдаһар мен жолбарыс корей халқының символы саналады. 
Корей ұлттық биін билеп жатқан өнерпаздар. 
4/22 Корей ұлттық биін билеп жатқан өнерпаздар. 
Ашылу салтанатында корей халқының ұлттық өнеріне көп мән берілді. 
5/22 Ашылу салтанатында корей халқының ұлттық өнеріне көп мән берілді. 
Ғарыш пен жердің байланысын көрсеткен шоу.
6/22 Ғарыш пен жердің байланысын көрсеткен шоу.
АҚШ вице-президенті Майк Пенс пен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынның қарындасы Ким Е Чон олимпиаданың ашылуын тамашалап отыр. 
7/22 АҚШ вице-президенті Майк Пенс пен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынның қарындасы Ким Е Чон олимпиаданың ашылуын тамашалап отыр. 
Ашылу салтанатында әр елдің делегациясы шыққанда ортадағы шеңберде елдің туы және стадиондағы орындықтарда елдің аты француз, ағылшын және корей тілінде шықты. Орындықтардың жанында арнайы электронды шамдар орнатылған. 
8/22 Ашылу салтанатында әр елдің делегациясы шыққанда ортадағы шеңберде елдің туы және стадиондағы орындықтарда елдің аты француз, ағылшын және корей тілінде шықты. Орындықтардың жанында арнайы электронды шамдар орнатылған. 
Қазақстан делегациясы атлеттер шеруінде. Ту ұстаушы Абзал Ажғалиев қазақтың ұлттық киімін киіп шықты. 
9/22 Қазақстан делегациясы атлеттер шеруінде. Ту ұстаушы Абзал Ажғалиев қазақтың ұлттық киімін киіп шықты. 
Қырғызстаннан олимпиадаға екі спортшы қатысады.
10/22 Қырғызстаннан олимпиадаға екі спортшы қатысады.
Өзбекстаннан да екі спортшы жолдама алған. 
11/22 Өзбекстаннан да екі спортшы жолдама алған. 
Косово тәуелсіз ел ретінде қысқы олимпиадаға алғаш рет қатысып жатыр. 
12/22 Косово тәуелсіз ел ретінде қысқы олимпиадаға алғаш рет қатысып жатыр. 
Ресей олимпиадалық спортшылары атлеттер шеруінде. Ресей бұл жарысқа Халықаралық олимпиада комитеті туы астында қатысады. 
13/22 Ресей олимпиадалық спортшылары атлеттер шеруінде. Ресей бұл жарысқа Халықаралық олимпиада комитеті туы астында қатысады. 
Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея ашылу салтанатында "Корея" болып шықты. Туды екі елдің спортшысы бірге ұстап  жүрді. 
14/22 Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея ашылу салтанатында "Корея" болып шықты. Туды екі елдің спортшысы бірге ұстап  жүрді. 
Олимпиада ашылуының "Болашақ әлем" тақырыбына арналған бөлімі
15/22 Олимпиада ашылуының "Болашақ әлем" тақырыбына арналған бөлімі
Ашылу салтанатынан көрініс.
16/22 Ашылу салтанатынан көрініс.
Ашылу салтанатының екінші бөлігі жаңа технологияларға арналды. 
17/22 Ашылу салтанатының екінші бөлігі жаңа технологияларға арналды. 
Ашылу салтанатындағы шоу.
18/22 Ашылу салтанатындағы шоу.
Ванкувер олимпиадасында алтын алған оңтүстік кореялық мәнерлеп сырғанаушы Ким Юна олимпиада алауын жақты. 
19/22 Ванкувер олимпиадасында алтын алған оңтүстік кореялық мәнерлеп сырғанаушы Ким Юна олимпиада алауын жақты. 
Олимпиада алауы тұтанар сәт. 
20/22 Олимпиада алауы тұтанар сәт. 
Олимпиада алауы тұтанған сәт.
21/22 Олимпиада алауы тұтанған сәт.
Олимпиада басталды. Қысқы ойындар 25 ақпанда жабылады. 
22/22 Олимпиада басталды. Қысқы ойындар 25 ақпанда жабылады. 
Previous slide
Next slide

Олимпиада 9 ақпанда басталды, 26 ақпан күні аяқталады. Сеул осы уақыт аралығында екі ел арасында келіссөз болады деп үміттеніп отыр. Соңғы уақытта Солтүстік Кореяның ядролық және зымыран бағдарламасына байланысты екі ел қарым-қатынасы шиеленісіп кеткен еді.

XS
SM
MD
LG